Инженерлік дәлдік. Заманауи өндірістік қуаттар. Сыналған шешімдер.
Біз қасбеттік шешімдер инженерлік сараптамаға, заманауи материалдарға және жоғары технологиялы өндіріске сүйене отырып жобалап, жүзеге асырамыз. Әр кезең — жобалаудан бастап монтаждауға дейін — бейінді мамандар мен сандық құралдармен бақыланып тұрады.
Инженерлік сараптама
Мықты команда Еуропада, АҚШ-та, Ұлыбритания мен Қазақстанда жұмыс тәжірибесі бар инженерлер.
Заманауи БЖ Есептеулер, 3D-үлгілеу және оңтайландыру үшін кәсіби жүйелерді пайдаланамыз.
Бейстандартты тапсырмалармен жұмыс Қасбеттерді күрделі геометрияға, климатқа және сәулеттік тұжырымдамаға сай жобалаймыз.
Біз тұжырымдама мен жобалаудан бастап техникалық шешімдерді оңтайландыруға дейінгі инженерлік сүйемелдеу қызметтерінің толық циклін қамтамасыз етеміз. Сәулетшілердің, девелоперлердің және мердігерлердің талаптарын есепке ала отырып, сенімділік пен энергиялық тиімділіктің халықаралық стандарттарына сай қасбеттік жүйелерді жасаймыз. Инженерлік сараптама эстетика, функциялылық пен экономикалық орындылық арасындағы тепе-теңдікті анықтауға мүмкіндік беріп, тәуекелдерді азайтады да, жобаларды жүзеге асыру сапасын арттырады.
EFS TK 70T модульдік қасбеті
Монтаждау жылдамдығы Панельдерді цехта құрастыру нысанда орнату уақытын қысқартады.
Ауа райынан тәуелсіздік Қасбеттер жылдамырақ және кідіріссіз монтаждалады.
Дизайн икемділігі Әр түрлі шыныпакеттерді, сәндік элементтер мен жылуұстағыштарды біріктіру мүмкіндігі.
Жоғары энергиялық тиімділік Панельдердің дәл жасалуы мен саңылаусыздығының арқасында.
Сапаны бақылау Әр панель нысанға жөнелтілмес бұрын тексерісітен өтеді.
Біздің компанияның заманауи сәулетке, энергиялық тиімділікке және монтаждау жылдамдығына қойылатын талаптардың есепке алынуымен өзіндік әзірлемесі. Элементтерді өндірістік жағдайда алдын ала құрастырудың арқасында жүйе жоғары дәлдікті, орнатудың ең қысқа мерзімін және монтаждауға жұмсалатын шығындардың азаюын қамтамасыз етеді. Ол әртүрлі нысандарда сәтті пайдаланылып, өзінің сенімділігін, ұзаққа жарамдылығын және халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдеп келуде.
Өндірістік қуаттар
Алматы мен Германиядағы зауыттар Алюминий, шыны және ПВХ жүйелерін жасап шығарамыз.
FOM, LISEC, Elumatec жабдығы Дәлдігі жоғары өңдеу, автоматтандыру мен тұрақтылық.
Барлық кезеңдердегі сапаны бақылау Түсіп жатқан шикізаттан бастап дайын модульді қаптауға дейін.
Біздің өндірістік серіктесіміз — Жарық өткізгіш құрылмалар комбинаты. Озық жабдықпен жасақталған осы заманауи кәсіпорын өнімдерін жоғары дәлдікпен және халықаралық стандарттарға сай жасап шығарады. Сұрыптамаға алюминий және пластик терезелер, есiктер, қасбеттер, жайылмалы жүйелер және кез келген күрделiлiктегі шыныпакеттер кіреді.
Пайдаланылатын материалдар
Алюминий
Шыны
ПВХ
Жеңіл әрі берік, коррозия мен деформацияға төзімді материал. Дәлдік пен ұзаққа жарамдылық маңызды болатын қасбеттерде, терезе және есік жүйелерінде пайдаланылады.
• Жоғары құрылымдық икемділік • Эстетикалық сыртқы келбет • Қасиеттерінің жоғалуынсыз ұзақ қызмет ету мерзімі
Жарық өткізгіш қасбеттер мен панорамалық жүйелердің негізгі материалы. Көзбен шолу жеңілдігі мен жоғары деңгейлі табиғи жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
• Энергиялық тұрғыдан тиімді шыныпакеттер • Түрлердің кең таңдауы • Үздік дыбыс оқшаулағыш қасиеттер
Терезе және есік жүйелері үшін орнықты және қолжетімді материал. Жүктемелері орташа нысандар үшін қолайлы.
• Жоғары бітеулік пен энергиялық тиімділік • Ультракүлгін сәуле мен климатқа төзімділік • Пішіндер мен түстердің алуантүрлілігі
Техникалық тұрғыдан күрделі фасадты жүзеге асыруға көмектесеміз