Біз күрделілігі әртүрлі ғимараттарға арналған қасбеттік шешімдер жобалаймыз, өндіреміз және орнатамыз. Жұмысымызда инженерлердің тәжірибесіне, заманауи материалдарға және Алматы мен Еуропадағы өндірістік қуаттарымызға сүйенеміз.
Біздің міндетіміз — сәулеттік идеяға және нысанның талаптарына дәлме-дәл сәйкес келетін шешімдерді жасау.
2005 жылдан бастап біз сәулет мен инженерияның бірлесіп дамуын қамтамасыз етіп келудеміз.
Кез келген күрделіліктегі жарық өткізгіш қасбеттердіжобалаймыз, өндіреміз және монтаждаймыз. Сапа, энергиялық тиімділік пен қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарды сақтаймыз. Өзіндік өндірісіміз бен Pazdera Group компаниясымен ынтықмақтастығымыз кез келген күрделіліктегі жобалар үшін жаңартпашыл қасбеттік шешімдер енгізуге мүмкіндік береді.
Өндірістік алаңдар: Қазақстан, Ресей мен Германия
3
+
Еуропада, АҚШ пен Қазақстанда іске асырылған жобалар саны
345
+
Тәжірибе мен біліктілік
20
жыл
Инженерлік және өндірістік бейін мамандары
250
+
Сіз әрдайым компаниямыздың барлық жобалары қамтылған таныстырылымын жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы уақытта және кез келген жерде қарай аласыз
Қасбеттердіжобалау— Инженерлік есептеулер, материалдарды іріктеп алу.
Біз нысанның сәулеттік тұжырымдамасы мен техникалық талаптарына дәл сәйкес келетін қасбеттік жүйелерді әзірлейміз. Жобалау инженерлік есептеулерді, материалды іріктеуді және жүктемелерді, климаттық жағдайларды және нормативтерді есепке алумен түйінді шешімдерді анықтауды қамтиды.
Кез келген күрделіліктегі ғимараттар үшін құрылымдардың дәл есептеулері
Жұмыс құжаттамасы мен жобалық шешімдерді дайындау
Сәулеттік пен инженерлік талаптарды үйлестіру
Энергиялық тиімділік пен ұзаққа жарамдылықты есепке алумен оңтайлы материалдарды таңдап алу
Жүйелерді өндіру — алюминий, шыны, ПВХ.
Біздің Алматы мен Еуропадағы серіктес өндірістік қуаттарымыз қасбеттерге, терезелер мен есіктерге арналған алюминий, шыны және ПВХ жүйелерін жасап шығарады. Өндірістік желілеріміз жоғары жасап шығару дәлдігі мен халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі жабдықпен жасақталған.
Қасбеттер мен терезе-есік жүйлелері үшін алюминий құрылмаларын жасап шығару
Жоғары жылу және дыбыс оқшаулағыш қасиеттері бар шыныпакеттерді жасап шығару
Коммерциялық және тұрғын үй құрылысына арналған ПВХ жүйелерін жасап шығару
Әр кезеңде көп сатылы сапаны бақылау
Монтаждау және техникалық қолдау— mock-up, шеф-монтаждау, сапаны бақылау.
Біз қасбеттік жүйелерді мерзімдер мен стандарттарды дәлме-дәл сақтай отырып монтаждаймыз.Біз нысандағы орнатудың сапасын қамтамасыз ету үшін шеф-монтаждауды және техникалық сүйемелдеуді ұсынамыз. Біз mock-up элементтерін нақты жағдайда құрылманы алдын ала бағалау үшін пайдаланамыз.
Монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және технологиялық үдерісті бақылау
Компания инженерлерінің қатысуымен шеф-монтаждау
Мерзімді барынша азайтумен элементтік қасбеттерді орнату және баптау
Жаппай өндіріске кіріспес бұрын шешімдерді сынауға арналған mock-up
Сервис пен қызмет көрсету — жаңғырту және пайдалану кезіндегі қолдау.
Біз қасбеттік жүйелерге олардың бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз. Бар құрылмаларды олардың энергиялық тиімділігін арттыру және қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жаңартып тұрамыз.
Тұрақты сервистік сүйемелдеу және диагностика
Тозған элементтерді жөндеу және ауыстыру
Қасбеттерді жаңа стандарттарға сәйкес келтіру үшін жаңғырту
Пайдаланудың барлық кезеңдерінде тапсырыс берушінің қолдап тұру